Error
  • The template for this display is not available. Please contact a Site administrator.

"Ұлы дала мұрасы" этнографиялық көрме

     6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 5-11-сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына «Ұлы дала мұрасы» атты этнографиялық көрмені ұйымдастырып өткізді.

     Көрменің негізгі мақсаты - өткен ғасырларда өмір сүрген қазақтың алтын қолды ұсталары мен зергерлерінің асыл мұраларын насихаттау, этнографиялық және зергерлік жәдігерлерді бастауыш сынып оқушыларының назарына ұсыну. Қазақ халқының ұмытылып, назардан тыс қалып бара жатқан ұсталық кәсіп, зергерлік өнерін жәдігерлер негізінде түсіндіру.

     Әр халықтың ата-тегін, ел тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі – қасиетті парызы. Ал ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерін сақтап, дамытуы ата-баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеттерін көрме арқылы көрсету басты назарға алынған. 

     Шара кезінде қазақ елі тарихынан сыр шертетін кітаптар көрмесі, «Тәуелсіз елім», «Тарих қойнауында» тақырыптарында викториналық сұрақтар жарысы, «Адам эволюциясы» тақырыбында презентация, «Құпия хат» атты ежелгі руна алфавиттерін қолдана отырып, конверттегі құпия сөзді анықтау тапсырмалары, қазақтың ұлттық ойыны «Асық атудан» жарыс ұйымдастырылды.

      Шараға қатысқан қонақтарға бауырсақ, жент, майсөк және т.б ұлттық тағамдардың жасалу жолдары түсіндірілді.

     Көрменің ерекшелігі – этнографиялық көрмеге сирек этнографиялық, зергерлік, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен тұрмысын танытатын жәдігерлер қойылды. Олар ағаштан, теріден жасалған тұрмыстық заттар, түрлі тәсілмен жасалған қолөнер бұйымдары, қару-жарақтар, музыкалық аспаптар, күмістен жасалған әшекей бұйымдары, бейнелеу өнері туындылары және тағы басқа жәдігерлер.